Добро пожаловать в Посольство Республики Куба


KZ           RU

 

КӨКЕЙКЕСТІ МӘСЕЛЕЛЕР

Сөйленген сөздер
Блокадалар бағаны
Көкейкесті мәселелер

МӘДЕНИЕТ

О СПОРТЕ

Д Ө Ң ГЕЛЕК Ү СТЕЛ

ЖАРИЯЛАНЫМДАР

ИНТЕРНЕТ РЕСУРСЫ


НАПИСАТЬ ПИСЬМО
 
Имя
E-mail:

 

 

 

 

 



Куба Республикасының Президенті Фидель Кастро Русоның Куба Революциясы жеңісінің 45 жылды?ына байланысты "Карл Маркс" театрында 2004 жылы 3 қаңтарда сөйлеген сөзі

Қымбатты отандастар!
Құрметті қонақтар!

 

Біздің көбіміз - сол қымбатты күннің куәсі болу мұрсатына ие болғандар, - әлі көздері тірі; бірсыпырасы қайтыс болды; осы жерде отырғандардың көпшілігінің жастары ол кезде онға жетпеген, немесе олар әлі туылмаған, немесе сол 1959 жылғы Бірінші қаңтарда өздерінің туылуынан әлі алыста болатын.

Біздің мақсатымыз ешқашан атаққа, ардақтауға, жеке немесе ұжымдық танылуға ұмтылу болған емес. Алайда, Куба революционерлері ретінде аталуға заңды қақы бар біздер, тарихтың теңдессіз парағы болғандарды жазуға мәжбүр болып отырмыз. Біздің еліміздің саяси және әлеуметтік жағдайымен келіспеген, біздер, оны өзгертуді шештік. Бұл Кубадағы ерекше бір жаңалық болған жоқ, бұл ғасырлар бойы бірнеше рет болып жатты.


Біз халық құқығына, оның ішінде тәуелсіздікке және қысымшылыққа қарсы тұру құқығына сендік. Осы құқықтардың - жергілікті халықты жаппай қыру мен миллиондаған африкандықтарды құлдыққа алуды қоса еуропалық державалармен отпен және қылышпен жаулап алынған біздің жарты шарда жүзеге асырылуына қарай, - Америка Құрама Штаттарымен қоса тәуелсіз елдер топтастығы жаралды.

1953 жылы 26 маусымда Куба Революциясы заңсыз, сатқын және қанды режимге бірінші қарсы тұрған күні, 50 миллионнан астам адам өмірін алған және жау бомбалары мен снарядтарынан алыс жатқан Құрама Штаттарынан басқа, сол уақыттағы өнеркәсібі дамыған барлық елдердің экономикасын күйзелткен, 1939 жылы фашизммен басталған Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 8 жыл да болмаған еді.

Сондай толағай соғысқа әкеп соқтырған фашизм идеялары 1776 жылғы 4 шілдеде жарияланған Солтүстік Америкадағы тәуелсіз 13 бұрынғы ағылшын колониясының Мағлұмдама қағидаттарымен толық қайшылықта болатын. Онда былай делінген: "Біз барлық адамдар тең жаралған және оларға қатарына өмір, еркіндік және бақытқа ұмтылу сияқты Жаратушымен анықталған қағажытылмайтын құқықтар берілген деген анық шындықты ұстанамыз. Егер биліктің қандай да болмасын түрі осы мақтаттар үшін зардап шектірер ауыр болатын болса, халық оны өзгерте немесе жоя және адамдарға ең жоғарғы үлгіде қауіпсіздік пен бақытты қамтамасыз ететін билікті ұйымдастырудың сондай қағидаттары мен түрлеріне негізделген жаңа үкіметті құруға қақылы".

1789 жылы революция нәтижесінде қабылданған Адам және азамат құқығының Француз мағлұмдамасы бұл мәселе жөнінде одан әріге кеткен, себебі онда: "?кімет халық құқығын бұзған жағдайда, халық үшін көтеріліске шығу... оның қасиетті құқығы және шұғыл шаралы міндеті" делінген.

Сондай-ақ фашизм идеялары зор майдан - Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін, ішінде дүниежүзілік саяси тәртіптің негізгі айрықша құқығы ретінде халықтардың егемендікке және тәуелсіздікке ие болу құқығына құрметпен қарау анықталған Біріккен ?лттар ?йымының Жарғысында берілген қағидаттармен шешуші үлгіде қарсы келді.

Шындығында, жаулап алу соғыстарына, басымдылық және бір адамдардың басқаларды тонау және қанаудың түрлі нысандарына толы бізге таныс адамзаттың қысқа тарихы бойына халықтар құқығы ешқашан қадірленген емес. Алайда, сол бір тарихи кезеңде, дүниежүзілік саяси тәртіпті ұстанатын держава-жаулап алушылардың өте күшті мемлекеттердің аз ғана тобы шіміркендіретін манаптарынан тұратын нақты фактіге қарамастан, көптеген елдер, ұйымдар және адамдар адамзат тарихының жаңа көп үміт күтерлік кезеңі басталатынына үміттенді. 100 елден астам немесе елдер топтары, тіпті ұлттық сезім қалыптаспаған адамзат қоғамдары тәуелсіз мемлекеттер ретінде формалды танылуға ие болды. Бұл кезең болмас іс пен алдау үшін өте қолайлы еді.

Тәуелсіз мемлекет мәртебесін формалды алған елдердің едәуір тобы колониялардан, доминиондардан, протектораттардан және ғасырлар бойы өте күшті державалармен байланған елдерді бағындырудың және оларды бақылаудың басқа түрлерінен тұрды.

Олардың бұрынғы метрополиялардан тәуелдігі толық болатын; олардың үлкен егемендікке жету және оны пайдалану үшін күрестері қиын және жиі қа?арманды болатын. Олар туралы Женевадағы Құрама Штаттарының қарарлар жобаларын қоштауға немесе кем дегенде оларға қарсы дауыс беруден қаймықтыру үшін қысым көрсетілетіні куә бола алады. Осы мемлекеттердің Біріккен ?лттар ?йымының Бас Ассамблеясында блокаданы тоқтатуға күресте Кубаға өскелең және бір ауыздан қолдау түрінде көрінетін құлығы сүйсіндіреді.

Бәрінен де жаманы сол, соғыстың алдында тәуелсіз деп есептелген бірнеше елдер тәуелсіздіктен қаншалықты алыс болғандарын білмеді, олардың ішінде Куба да болатын. Барлық латынамерикандық елдер осы күйінішті тізімде еді, бірақ сосын оның бәрі артығымен көрсетілді. Біздің қа?арман халық нағыз және толық тәуелсіздікке қол жеткізгені сол еді, осы елдердің билік басында отырған барлық элитасы Революцияны мұқату және бізбен жылдам жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік жетістіктерді жүзеге асыруға кедергі жасау үшін Құрама Штаттарына қосылды.

Тіке 1959 жылдан бастап күш көрсету, терроризм және Құрама Штаттардың әскери күшін жаппай пайдалану қаупін қоса барлық экономикалық және саяси құралдарды пайдаланумен агрессия актілері басталды.

Кубамен болып өткендер Біріккен ?лттар ?йымымен жарияланған қағидаттар мен құқықтарға қатысты әсем мәтіндерде қанша болмас іс пен алдап-арбаудың барлығын көрсетуге жәрдемдесті.

Мыңжылдықтар бойына адамзат өмірінің бас факторы ретінде құқық емес, күш көрсету қала берді.

Біз ие бірінші тарихи элементтерден бастап осы күнге дейін болғандардың барлығы адамзат қоғамының қиын және ұйымдастырылмаған табиғи және жоспарсыз дамуының жемісі болып табылады. Бес мыңжылдықтар бойына орын алған түрлі саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйелерді бұған кінәлауға болмайды.

Әлемнің түрлі алыс өңірлерінде - Қытайда, ?ндістанда, Таяу Шығыста, Жер орта теңізінде, Орталық және Оңтүстік Америкада туындаған түрлі өркениеттер - көптеген салаларда олар үлкен жетістіктерге жетсе де үлкен немесе кіші деңгейде бір - бірлері туралы білмеді, тәуелсіз болды. Кейбіреулері бізді таң қалдырады, мысалы грек мәдениеті: оның өнері, оның философиясы, оның әдебиеті, оның тарихтағы, физикадағы, математикадағы, астрономиядағы және басқа салалардағы білімдері.

Майя және басқа инктерге дейінгі мәдениеттер туралы белгілі бола бастады, бұл уақыт бойынша ондаған мыңжылдықтармен және кеңістік бойынша ондаған мың шақырымдармен ажыратылса да, адамдар ғажайып істер жасаушы бола алатынын дәлелдейді; бірақ барлық алдағы өткен және қазіргі мәдениетте де империялар, жаулап алу соғыстары, құлдық және феодолизм нысандары, байлар мен кедейлер, жеңілдікті билік құрушы әлеуметтік кластар мен қаналатындар, маргинализданғандар мен аластатылғандар кластары бар және бола береді де. Бұларды елемеу надандық болар еді.

Жер бетінде ойдағыдай парасатты, әділ және тең құқықты әлеуметтік қатар туындаған жағдайда адам тарихқа дейінгі кезеңнен шығады деген ойды айтқан Маркстің дұрыстығын тануымыз керек.

Егер адамзат қоғамының барлық дамуы жалтармайтындай жөнсіз, тәртіпсіз, болжауға болмайтын және өте қатал және әділетсіз болды десек, онда басқа, жаңа әлемді, біздің адамзат тегінің ойдағыдай парасатты, қажетінше зиялы қоғамын құру үшін күрес, - бұл оның тарихының дәл қазіргі кезеңі, ештеңесімен адамзат тарихының өтіп кеткен кезеңінің біреуіне де ұқсамайтын, және басқа жағдайларда мүмкін болған емес және болады деп күтілмейтін: адамдар бірінші рет өзінің тағдырын белгілеуге тырысуы деп ұғыну керек.

Мүмкін болмайтын заттар туралы армандау утопия деп аталады; қол жететін ғана емес, адам тегінің өнуі үшін қажетті мақсаттар үшін күресу -реализм деп аталады.

Мұндай міндеттерге тек қана идеология түрткі болады деп ойлау қате пікір болған еді. Барлық адамдар айтарлықтай және еркін өмір сүре алуынан туындаған адал және терең сезімдердің кісілікті және тым ақталған сезімдер шегінен шығатыны туралы әңгіме болып отыр; әңгіме адамзат тегінің өнуі туралы болып отыр.

Греция дәуірі мен қазіргі уақыт арасындағы үлкен айырмашылық адамның зияткерлік қабілетінде емес, көрнекті және істе көрінген шындығында бар адамдардың жоғалып кету қаупіне қарсы тұру үшін аз және мағынасыз саяси мүмкіндікте толығымен артық көрінетін, соңғы 150 жыл бойына орынға ие болған ғылым мен техниканың шексіз дамуында көрінеді.

60 жылдан кем жыл бұрын күштілігі жөнінен 20 мың тонна тротилға тең Хиросима үстінде бірінші рет атомды жарылыс болғанда, технологияның дамуы жер бетінде адам өмірінің жоғалуына әкелетін аспапты ойлап тапқаны анықталды. Сол кезден бастап жаңа және тіпті жүз рет артық қару мен жүйелердің күшті, түрлі және дәл түрлерін әзірлеу бір күнге де тоқтаған жоқ. Бүгінгі күні олардың он мыңдаған түрі бар, олардың тек қана кейбіреулері ғана жалтақ және шекті келісімдер күшімен жойылды.

Осы қару түрлерін иемденген елдердің ең аз тобы өздеріне оларды өндіру және жетілдірудің ерекше құқығын қалдырып отыр. Олардың мүшелерінің өзара қайшылықтары мен мүдделері өзгеріп отыратындықтан адамзат өзінің өмір сүруіне қатер тудыратын ядролық қауіп жағдайында өмір сүріп жатыр. Персия патшасы өзінің үлкен армиясымен Фермопила өтпесін қорғап тұрған 300 спартандықтарға жақындап: "Біздің ярдолық зымырандарымыз күн бетін жабады" деп айқайлауын қазіргі уақытта кейбіреулер қайталай алар еді.

Жерді мекендеген миллиардтаған адамдардың өмірі бірнеше адамдар ойынан, құруынан және шешімінен тәуелді. Ең қауіптісі сол, осындай үлкен билікке ие адамдарға психиатр да жоқ. Біз мұнымен келісе алмаймыз. Біздің барлығымыздың ырқымызды алып отырған осындай естілмес және тантыған жағдайды әшкерелеуге, қысым көрсетуге, өзгерту және тоқтатуды талап етуге қақымыз бар. Ешкім ешқашан бұндай құқыққа ие болмауы керек, олай болмаған жағдайда әлемде ешкім өркениет туралы айта алмайды.

Осыған басқа да өлімдей қауіпті проблема қосылып тұр: 40 жыл бұрын өмір сүрудің табиғи жағдайын бұзған тағылық мәдениет нәтижесінде қоршаған орта жөнінде қауіптене бастадық. Бірінші рет осы бір қысылтаяң тақырып төңірегінде әңгіме қозғала бастады. Кейбір адамдар әңгіме үргелектер мен ұлғайтып айтуға құмарлар туралы, өткен ғасырлардағыдай неомальтузиандықтар тегі туралы деп ойлады. Шындығында да бұлар қажетті шараларды қабылдау тіпті кеш деп қорқып, осы мәселе бойынша қоғамдық ойды құрай бастаған жақсы хабардар және ақылды адамдар еді. Өздерінің жоғары саяси жауаптылығы тұрғысынан үлкен қауіптенуді көрсетуі керек тұлғалар надандық пен менсінбеушілік көрсетті.

Біріккен ?лттар ?йымымен шақырылған Рио-де-Жанейрода өткен саммиттен кейін он жылдан артық уақыт өтті, және әдеттегідей талқылаулар, міндеттемелер қабылдау мен уәде берулер көп болғанымен, аз ғана нәрсе жасалды. Алайда үлкен қауіпті сезіну өсіп отыр. Күрес өсуі керек және өсетін болады. Бұған талас жоқ.

Жақында Гаванада Біріккен ?лттар ?йымымен шақырылған шөлейттендіру және климаттық өзгертулер жөнінен кездесу болды - ақпаратпен алмасу, проблеманы тану және күреске шақыруға елеулі ұмтылу.

Менің өзім Рио-де-Жанейрода климаттың өзгеруі салдарынан жартылай немесе толықтай су астына кетіп қалу қаупі бар Тынық мұхитының кіші аралдары мен басқа да елдердің өкілдері танытқан қауіптену мен сақтануының куәсі болдым. Бұл қайғылы жағдай. Қоршаған ортаға әсер ету салдарын өздерінде ең бірінші кедейлер сезінеді. Олардың автомобильдері, кондиционерлері жоқ, тіпті үйі болған жағдайда да жи?аздары жоқ. Оларға атмосфераның қызуының салдарынан туындайтын көміртекті газдардың аса көп тасталуы және озоносфераның бұзылған сүзгісі арқылы өтетін ультра күлгін сәулелердің жойғыш әсерінің нәтижелері ең бірінші әсер етеді. Олар ауырып қалған жағдайда, олар және олардың туыстары үшін не ауруханалар, не дәрігерлер және ешқандай дәрі-дәрмек болмайтыны бізге белгілі.

?шінші проблема: ең қарапайым есептеулер бойынша жер шарының халқы үшін адамдар саны миллиардқа жетуі үшін кем дегенде 50 мың жыл қажет болды. Бұл шамамен 1800 жылы, ХІХ ғасыр басталғанда болды. Жер шарының халқының саны 130 жылдан кейін, ХХ ғасырда екі миллиардқа жетті. ?ш миллиардқа - 1960 жылы, отыз жыл өткен соң төрт милдлиардқа - 1974 жылы, он төрт жыл өткен соң бес миллиардқа - 1987 жылы, он үш жыл өткен соң алты миллиардқа - 1999 жылы, небары он екі жыл өткен соң жетті. Қазір жер бетінде 6 миллиард 374 миллион адам өмір сүреді.

Шындығында кейіннен әрі қарай есептеу үшін есептеудің бастапқы нүктесіне ие болу үшін шамамен және қарапайым есептелген, кем дегенде 50 мың жылдан кейін 1800 жылы ғана жеткен бір миллиард санынан 204 жыл ішінде жер шарының халқы 6,4 есе көбеюі тіптен таң қалдырарлық. Бұл жылдар бірнеше есе артық болар ма еді, біз қазіргі бар санға адамзат жеткен уақытпен ғана шектеліп отырмыз.

Қазіргі кезде ол қандай қарқынмен өсіп отыр екен?

1999 жыл: халық саны - 6 миллиард 2 миллион адам; өсім - 77 миллион.

2000 жыл: халық саны 6 миллиард 79 миллион адам; өсім - 75 миллион.

2001 жыл: халық саны - 6 миллиард 154 миллион адам; өсім - 74 миллион.

2002 жыл: халық саны - 6 миллиард 228 миллион адам; өсім - 72 миллион.

2003 жыл: халық саны - 6 миллиард 300 миллион адам; өсім - 74 миллион.

2004 жыл: есептеу бойынша, халық саны - 6 миллиард 374 миллион адам; өсім - 74 миллион.

Жер шарының халық саны 2050 жылы қанша болады?

Ең шектеулі есептеулер бойынша, жерде 7 миллиард 409 миллион адам болады; ең жоғарғы есептеулер бойынша - олардың саны 10 миллиард 633 миллион болады деп тұжырымдалады. Көптеген сарапшылардың ойы бойынша шамамен 9 миллиард санды құрайды. Адамдардың өмір сүруі үшін қарапайым табиғи жағдайлардың жылдам тозуымен салыстырып байқағанда бұндай үлкен демографиялық өсу себебі бойынша үлкен қауіп аталған өсудің үшінші әлем елдеріне жүз пайыздан келуі туындап отыр.

Топырақ пен су қорларының күн санап дамып келе жатқан тозуы мен қысқаруын, көптеген елдердегі аштықты, қоғам тұтынуының селсоқтығы мен қалай болса солай жұмсауын, сондай-ақ жер шары халқының білім алуы мен тазалығы проблемасы туралы біле отырып, егер олар шешілмесе, адамзаттың бір-бірін жегіштер тегінің туатынын күтеміз.

Батыс әлемде экономикалық және әлеуметтік жүйенің салдары болып табылатын жоғары деңгейде бір минут болса да, қашан болса да осы фактілер туралы ойланды ма екенін; ғылымды, техниканы және мәдениетке дем беруде, өміршеңді және шұғыл шешімдер іздестіруде алға жылжу үшін негізгі элемент ретінде халықты тәрбиелеу орнына, жыл сайын айыру және тұтынушылықты насихаттауға триллион долларларды жұмсайтын, адам құқығын қорғау жөніндегі олимпиадалық жеңімпаздарға сұрау салу жақсы болар еді. Өзіне тән осындай уды себу үшін бір жыл ішінде жұмсалатын қаржылармен он жыл ішінде әлемдегі барлық сауатсыз және жартылай сауатты адамдарды оқуға және жазуға үйретуге және тоғызыншы сыныпқа дейін жеткізуге болатын еді және бірде бір жарлы бала оқымай қалмас еді. Білімсіз және басқа да әлеуметтік қызметтерсіз ешқашан қылмыс пен есірткі тұтынуды қысқарта немесе азайта алмаймыз. Біз бұны Кубада - 45 жыл бойына блокада жағдайында өмір сүрген, Женевада Құрама Штаттары және басқа да олардың барлық компаньондары бірнеше рет кінәлаған және айыптаған, дамыған және бай Батыс елдері армандай да алмаған денсаулық сақтаудың, білім беру және тәрбиелеудің асқан жоғары деңгейлері мен сапасының зорына жететінін, осылардың барлық азаматтар үшін бірдей толығымен тегін болатынын нақтылаймыз.

Әлемге байланған, жер шарының табиғи ресурстарын тонау мақсатында ойлап шығарылған жаңа либералды глобализациялау зілді "Вашингтон консенсусынан" кейін үшінші әлем елдерінің көпшілігі және әсіресе Латын Америкасы елдерінде жанкешті және мүмкін емес жағдай туғызды.

Бұл зарарлы саясаттың бірінші жемісі өңірдің өсімі бір пайызды құраған 80-ші жылдардың "жоғалтылған онжылдығын" құрады; 1990 және 1998 жылдар арасында ол 2,7 пайызға дейін жетті, бұл өтірік болмас іс және қажет тұтынулардан бірнеше есе төмен еді, және қайтадан 1998 және 2004 жылдар арасында бір пайызға дейін құлады.

1985 жылы - сатқын "консенсус" жылы 300 миллиардты құраған сыртқы қарыз, бүгінгі күні 750 миллиардтан асады.

Жекешелендіру бірнеше жылдар бойы құрылған ұлттық мүлік түрінде жүздеген миллиард долларларды айыруға әкелді, олар осы елдерден Құрама Штаттарына және Еуропаға капиталдар ағатындай жылдамдықпен бу болып ұшып кетті.

Жұмыссыздық рекордтық сандарға жетті. Әрбір 100 жаңа жұмысшы орындардың 82-сі қандай да болсын әлеуметтік немесе құқықтық қорғаусыз кез келген үлгімен өмір сүру үшін табыс табатындардың ұзын тізбесін құрайтын "формалды емес секторы" аталатындарға жатқызылады.

Жоқшылық қорқынышты сандарға дейін өсті, әсіресе аса жоқшылық халықтың 12,8 пайызынан 44 пайызына дейін. Дамудағы тоқырау, әлеуметтік қызмет көрсетулер барған сайын құлдырап барады. Бірінші кезекте халыққа білім беру және денсаулық сақтау сияқты салаларда, жаңа либералды глобализация, күткендегідей нағыз ауыртпалыққа әкелді.

Егер осыған тең емес алмастыру, үздіксіз және міндетті түрде қаржының ағуы, зиялы қауымның кетуі, тамыр-таныстық, субсидиялар және ДС? жарғылары сияқты тонаудың ескі және жаңа түрлері, Оңтүстік Америкада болып жатқан дағдарыс пен оқиғалар ешкімді таң қалдырмау керек.

Латын Америкасы жаңа либералды глобализациялау өте жоғары қатаңдық пен талапшылдықпен өткен әлем өңірі болып табылады. Енді қазіргі таңда осы өңір алдында жер бетінен ұлттық өнеркәсіптік кәсіпорындарды жоғалтатын және МЕРКОСУР мен Анд пактін Америка экономикасының қосымшасына айналдыратын америкалық континент елдерінің еркін саудасы туралы Шартының (АЛКА) проблемасы тұр: бұл латынамерикалық халықтардың экономикалық дамуына, бірлігі және тәуелсіздігіне деген қорытынды шабуыл.

Бірақ, тіпті егер осы аннексиялау әрекеті жүзеге асырылса да, бұндай экономикалық тәртіп олардың елдерінде билік ететін жоқшылық, білім беру және жұмыссыздықтың апаттық жағдайы қажетті білім алуға кедергі келтірген вербалданған офшорлы кәсіпорындар арасында арзан жұмысшы қолдардың көптігі, жұмыспен қамтамасыз етуге қауіп тудыратын Латын Америкасының халықтары үшін де, Құрама Штаттарының өзінің халқы үшін де ауыр болатын болады. Арзан және қажетті біліксіз жұмыс күші - міне осыларды ғана латынамерика олигархтары ұсына алады.

Мен айтып кеткендердің түйіні адамзат тегі және онымен бірге - біздің халықтардың әрбірі өзінің тарихында шешуші кезге келіп отырғанына терең көз жеткізуде көрінеді: не ол оқиғалар барысын өзгертеді, немесе ол тірі қала алмайды. Біз көшіп бара алатын басқа жер шары жоқ. Марста не атмосфера, не ауа, не су жоқ. Тіпті барлығымыз сонда көшіп баратындай көлік желісі де жоқ. Біз, не бізде бар жерді қорғап қаламыз, не біз өткен жолды қайтадан бастай алатын басқа парасатты адамзат тегі қайтадан тууы үшін көптеген миллиондаған жылдар өтуі керек. Папа Иоанн Павел ІІ эволюция теориясы әлемнің жаратылуы туралы оқытумен үйлеспейді емес екенін түсіндіріп кетті.

Мен өзімнің сөзімді қорытындылауым керек. 2004 жылы бізді көптеген жұмыстар күтіп тұр.

Мен біздің халықты осы жылдар бойы жасағаны үшін, оның қа?армандығы, оның отан сүйгіштігі, оның күресу рухы және оның сенімділігі мен революциялық жалыны үшін құттықтағым келеді.

Әсіресе, осы 45-ші жылдық мерекеде даңқты интернационалдық миссияны орындай алған қалыпы, бүгінгі таңда оның белгісі Отаны және оның халқының жауларының әділетсіз, кекшіл және қатаң әрекеттеріне әсерлі қасиетпен қарсы тұрған империя тұтқындары - бес батырды, және Құрама Штаттар және Еуропа елі адамның қандай құқықтарын шындығында қорғайтынын дәлелдей алатындай адамзат қаржысы жоқ, олар ешқашан да жасай алмайтын адамзат ерлігі - 64 елден астам елдің кез келген бұрышында аянбай, қауіптерге қарсы тұрып, өзінің интернационалдық борышын өтеп жатқан он бес мың дәрігерді ерекше құттықтаймын.

Ешкім де біздің халықтың ынтымақтастық қалыбына және оның ұлдарының жауынгерлік жалынына қауіп тудырумен, не біздің дәрігерлер, мұғалімдер, спорт жаттықтырушылары және басқа да мамандарға қарсы жүргізілетін агрессия актілерімен қарсы тұра алмайды, себебі олардың барлығы да Құрама Штаттардың билігіндегі экстремистік лауазымды тұлғаларымен ынталандырылатын және көтермеленген террористік акциялар құрбаны болып қаза тапқандардың орнына тұру абыройына дайын.

Барлық күресушілерді, қиындықтар алдында ешқашан мойымайтындарды; құндылықтар мен идеяларды құрай алатын, себе алатын және тәрбиелей алатын адам қасиетіне сенетіндерді, адамзаттыққа сенетіндерді; абзал әлемнің болуы мүмкін екеніне сенетіндердің барлығын құттықтаймын!

Солармен бірге күресейік және жеңіске жетеміз!


 

  Дизайн и поддержка © РИА"ЖАРНАМА", Тел.: (3172) 38-33-72,
  www.jarnama.com E-mail: jarnama@jarnama.com