Добро пожаловать в Посольство Республики Куба


KZ           RU

 

КӨКЕЙКЕСТІ МӘСЕЛЕЛЕР

Сөйленген сөздер
Блокадалар бағаны
Көкейкесті мәселелер

МӘДЕНИЕТ

О СПОРТЕ

Д Ө Ң ГЕЛЕК Ү СТЕЛ

ЖАРИЯЛАНЫМДАР

ИНТЕРНЕТ РЕСУРСЫ


НАПИСАТЬ ПИСЬМО
 
Имя
E-mail:

 

 

 

 

 



ИМПЕРИЯ ОЙЛАРЫ, ҚАУІПТЕРІ ЖӘНЕ ЖЕТЕСІЗДІГІ

Құрама Штаттары үкіметінің кейбір лауазымды тұлғалардың қылықтары аяныш тудырады. Биліктің жоғарғы жақтарында байсалды немесе шындыққа жақындайтын нәрсені ілуде бір айтатын өтірікшілердің отыратынын байқауға болады.

Осыдан 48 сағат бұрын Вашингтондағы бар түрлі ақпараттық агенттіктердің хабарламаларынан "америкааралық мәселелер бойынша Құрама Штаттарының мемлекеттік хатшысының орынбасары Роджер Норьега мырзаның Куба Американың демокараттық елдерінің қатарында тұрақсыздандыру элементтерін сеуіп жүр деп оның атына сынап сөйлегені" белгілі болды. "Ол оның елі және басқа көршілес елдер Куба басшысы Фидель Кастроның әрекеттеріне "оның кейінгі авантюралары шегінде" мұқият бақылап отырғандарын айтып сендірді". "Ол Құрама Штаттарында "мысалы, Кубаның демократтық үкіметтерді тұрақсыздандыруға ниеттенетін бірнеше елдердің элементтеріне көмектесуге қатысатыны туралы" ақпаратқа ие екендерін атап өтті".

Оларды америкааралық қоғамдастық үшін "барған сайын арамза" "Фидель Кастроның әрекеттері латынамерикандық басшылардың көңілін өзіне аударғаны белгілі" деп Норьега нақтылады, оған Құрама Штаттары Боливия сияқты осы әрекеттерден зардап шеккен елдерге дем беріп жауап берді.

"Норьеганың сөзіне сенсек, әрі қарай бір хабарламаларда Кастро "лай судан балық аулап отыр", - делінген, және сонда "ол саналы және бұзушы түрде іріткі мен наразылықты туындатып отыр және демократты түрде сайланған үкіметтерде күдік тудырады" деп толықтырылған.

Бұл Норьега мырза - сыншыл және тайыз тұлға - Кубаға қарсы бағытталған Хелмс-Бартон заңының ең бір бас авторы және бар ынтасымен насихаттаушысы еді. Ол Майамалық террористік куба-американдық мафияның ең жақын досы. Норьега өзінің қазіргі мемлекеттік хатшы орынбасарының орнын, сенат ол жерге Никарагуадағы лас соғыспен байланысты террористік тарихы белгілі бандит Отто Райхты тағайындауға қарсы болған кезден бастап отырды.

Бұл сылтау ретінде Кубаның тантық және өрескел талаптарды қабылдамайтынына жүгінген миграциялау мәселелері жөніндегі келісімдер болмайтыны туралы мемлекеттік департамент өкілінің мәлімдеуінен кейін бірден жасалған Норьега мәлімдемесі - әңгіме қазіргі әкімшілікті жақтаушылардың қандай-да болсын жанжал арқылы өздеріне жетістікті қамтамасыз етіп алуға ұмтылған, қарашада өтетін сайлауға қатысты арам пиғылмен байланысты жақсылап жоспарланған және іріткі тудырушы акция туралы болып жатқанын дәлелдейді.

Норьега мәлімдемесі - әдеттегідей ұятсыз өтірік екенін дәлелдеуге болады.

Кубаның Латын Америкасын тұрақсыздандыру үшін іріткі салу жағында екенін қайдан алды? Құрама Штаттарының жалшысы, Урагвайды басқарып отырған жылауықтан және Сальвадорды басқарып отырған, Буш "таза ауаның лебі" деп атаған, Майамиден келіп түскен бұйрықтарды орындап, Куба қонақ үйлерінде террористік актілерді ұйымдастырушы және Кубаның Мемлекеттік кеңесінің төрағасының өлтірілуін ойлап тапқан Посад Каррилестен басқа, біздің елдің үкіметі біздің өңірдің қалған мемлекеттерімен қалыпты және орынды дипломаттық қатынасты ұстанып отыр. Олардың біреуі болсын олардың үкіметтеріне қатысты Куба тарапынан болған тұрақсыздандыру жоспарлары туралы бірде бір шағым, немесе бірде бір сөз айтып көрген жоқ.

Біздің түрлі латынамерикалық және карибтік саяси ағымдармен қатынастарымыз тек ресми, қалыпты және ашық болып табылады. Жыл сайын ұлттық және халықаралық баспасөз өкілдері алдында саяси, әлеуметтік, білім беру, мәдени, ғылыми, экономикалық және басқа сипатты орталықтармен және мекемелермен жүргізілетін көптеген кездесулер өткізіліп тұрады.

Тұрақсыздандыру дегеніміз не? Өте жарлы және мүсәпірлерге дәрігерлік көмек көрсету мақсатында үкіметтермен ынтымақтастық үшін мыңдаған дәрігерлерді жіберу ме? Гватемаланы, Гондурасты, Гаитиді, Белизді, Парагвайды және Кариб өңірінің, Орталық және Оңтүстік Американың кейбір елдерін біз тұрақсыздандырдық па? 15 мыңнан астам кубалық дәрігерлерді миллиондаған адамдарға көмек көрсету және ондаған мың адамның өмірін сақтап қалу үшін барлық әлемнің 64 елдеріне жіберу - тұрақсыздандыру деп аталады ма? Сауатсыздықты жаңа, қазіргі уақыттағы және өте тиімді құралдармен жою жөніндегі кампанияларды насихаттау қай уақыттан бері жер шарының кез келген жерінде демократтық режимді тұрақсыздандыру деп аталатын болған? ?шінші әлем елдерінен келген 12 мыңнан астам жас азаматтарға біздің университтерімізде оқыту үшін стипендия беруді бүлдіру әрекеттері деп атауға болады ма? Миллиондаған жас жеткіншектер мен бойжеткендердің қылмыстық және есірткі тұтынуларын қысқартуға және денсаулығын жоғалтпауға септігін тигізетін, сауықтыру іс-шараларын жүзеге асыратын мыңдаған спорт жаттықтырушыларының әрекеттерін іріткі салу деп атау ақымақтық емес пе? Қашаннан бері білім беру мен мәдениетті алға жылжыту елдерді тұрақсыздандыруды білдіретін болған? Орталық Американы Митч циклоны жып жылмағай еткеннен кейін жыл сайын дауыл кезінде жарақат алғандарды құтқару үшін үш мың дәрігерді көмекке жіберіп, өзінің кезегінде алдағы уақытта осы дәрігерлердің жұмысын орындай алулары үшін осы елдерден жас жеткіншектерді оқыту үшін қажетті стипендияны беруді ұсынған жоқ па едік? Олардың ішінде тіпті кейбіреулерімен дипломаттық қарым-қатынас құрылмаған Орталық Американың кейбір елдерінің демокартиясына қатысты тұрақсыздандыру әрекеттері жүргізілді деп кім толық ақыл-есінде тұрып айта алады? Қандай да болмасын апат жағдай өткен латынамерикалық елде болсын, әлемнің басқа бөлігінде болсын, ешкімді бөліп жармастан, Кубаның шұғыл түрде көмекке келгеніне неге көз жұмуымыз керек? 1970 жылы 50 мыңнан астам адам өмірін алып кеткен Перуде өткен жер сілкінісінде жүздеген мың кубалықтар көмекке өздерінің қанын бергенін, Куба халқы ауруханалар салғанын және дәрігерлерін жібергенін неге ұмытамыз? Уругвай халқына менингококктық менингит ауруының қатерлі індеті жеткенде, қажетті вакцина бар жалғыз ел - Куба, осы елдің үкіметі оның бар екенін біле тұра, және кубалық екенін біле тұра сатып алғысы келмесе де, уругвайлық балалардың өмірін қорғап қалу үшін миллиондаған өлшемін жібергенін неге есепке алмаймыз?

Және бұл жалғыз емес. Сальвадорда денге безгегінің қатерлі індеті туындаған кезде, сол елдің үкіметі Кубаның қатерлі жауы екенін, террористердің паналайтын жері және біздің елге қатысты ірі қылмыстар өткізілетін жедел орталығы екеніне қарамастан, Куба үкіметі індетті жеңудің шешуші факторы болған адам және материалдық қорларды мүдірместен жіберді. Осы қандас елде кейіннен жер сілкінісі болған кезде де ынтымақтастықтың сондай рухы тағы да көрсетілді.

Енді неге бұндай жексұрын әзәзілдік көрсетіліп отыр? Оған өздерінің түсініктемесі және өздерінің прецеденті бар.

Өзінің 6 қаңтардағы сыншыл мәлімдемесінде Норьега мырза Венесуэло халқына тиімді боливариандық процеспен жүргізілетін және оларды іске асыруда біздің еліміздің әлемнің үшінші елдеріне қызмет етуде нақты тәжірибесі бар денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік жұмыстар және басқа да әрекет түрлері саласындағы бағдарламаға сәйкес біздің көмек беруімізге қатысты Кубаның тұрақсыздандыру жоспарында одақтастығы ретінде Венесуэлоны ерекше атап өтті. Біз жас венесуэлдықтарға медицинаны, спортты, әлеуметтік жұмысты зерттеу үшін, техникалық машықтану және олар Кубадан сұрайтын техникалық және әлеуметтік ынтымақтастықтың кез келген нысандары үшін мыңдаған стипендиялар бөлдік.

Куба халқы үшін президент Чавес боливариандық идеялар және этникалық тегі, мәдениеті, діні мен тілі әлемнің басқа елдер топтарына қарағанда өте жақын болып келетін Латын Америкасы халықтарының тәуелсіздік, бірлік және отан сүйгіштік рухын жинақтаған болып көрінеді. Олардың экономикалық себептер бойынша ғана емес, өздерінің өмір сүрулері үшін де қажеттіктен туған бірігулеріне құқықтары мен парызы бар. Құба осы құқықты бар күшімен қуаттайды.

6 қаңтардағы Норьега мырзаның бетсіз және қауіп көрсетіп сөйлеуінде осыдан екі апта бұрын 19 желтоқсанда жасаған Латын Америкасы үшін төтенше елші - Отто Райх мырза мәлімдемесіне прецеденті бар; баспасөз хабарламасында бұл туралы былай делінген: "Отто Райх бүгін континент "жағдайының" "жақсы еместігін" таныды және Венесуэлоның "өте салмақты дағдарыста" тұрған ел ретінде атап өтті де, әрі қарай "Егер екі жақ та мәмілеге келмесе, проблема туындауы мүмкін" екенін айтты; ол Құрама Штаттарын "кубалық агенттердің Венесуэлода екендігін растайтын хабарламалардың өте қауіптендіретінін" айтты.

Әрі қарай хабарламада "Венесуэлодағы көптеген адамдардың айтуына қарағанда" "Венесуэлода егер мыңдап демесек, жүздеген әскери міндетті және әскери түрдегі кубалықтардың бар" екендігі туралы мәліметтер алынғанын растады" делінген.

"Чавес қару күшіне сенеді және сондай-ақ конституциялық президент болып табылады", бірақ "бізбен көрген барлық сұраулар халықтың екіден бірі Чавеске оппозицияда екені және Конституция мен референдум күшіне сенетінін көрсетеді".

Оның білуінше Уго Чавеске қарсы референдум жүргізу үшін "заң күшіне ие үш, мүмкін тіпті төрт миллион қолдың бар екендігін" қосты.

Ол "Барлық америкааралық қоғамдастық демократияға көмекке деген қиын істе және Венесуэло заңына бағынғысы келмей кез келген тараптан болатын мүмкін арандатуға қарсы Венесуэло халқына көмекке келуге міндетті" - деп қосты.

"Райх Құрама Штаттарының "Венесуэлода не болып жатқанына жарты шардағы барлық достармен бірлесіп қарап отыр деп айтты". Әскери міндетті және әскери түрдегі адамдар Кубалық дәрігерлер еді, олардың 52,4% әйелдер.

Латын Америкасының халықтарына байланған қанау және аяусыз тонау режимі қазіргі уақытта тұрақсыз және шыдауға мүмкін емес екеніне Құрама Штаттарының үкіметіндегі экстремистік топтардың түсінетіні туралы белгілі.

Егер Құрама Штаттарында кубалықтардың демократтық үкіметтерді тұрақсыздандырғысы келетін кейбір елдердегі элементтерге көмек көрсетуге байланысты екені туралы өзінің ақпаратына ие болса, ол туралы неге олар ашық айтпайды? Бұндай акциялардың қайда, қашан және қалай , қай елдерде өткенін көрсетпейді, Боливияда өткен әлеуметтік көтерілісті тудыратындай онда Куба не істегенін неге айтпайды? Лай суда кім балық аулап отыр? Өте жоғары және төлеуге мүмкін емес сыртқы қарыз, тоқтаусыз тонау, қайыршылық, жұмыссыздық, аштық, тазалық пен білім алу жағдайына қатысты апат, Халықаралық валюта қорының талаптарының салдарынан осы өңірдің көптеген халықтарының бірінен кейін бірі өзенге айналуына кім кінәлі? Неге ақымақ Норьега Америкалық континент елдерінің еркін саудасы туралы Шарт (АЛКА) туралы, яғни латынамерикалық және кариб елдеріне байлағысы келетін аннексия туралы неге бір сөз айтпайды? Жаңа либералды глобализациялауды кім байлады? Осы континенттің қорғаныссыз халқының ресурстары мен мүлкін күштеп жекешелендіруді міндеттеді? Қаруды оқу материалдарының орнына кім сатады? Жас латынамерикандықтарды зеңбірек еті ретінде өлуге Ирак құмдарына кім жіберіп отыр? Егер үлкен ағынды өзендер көтеріліп, ғасырлар бойы біздің халықтарға қарсы жүргізіліп жатқан әділетсіздіктерді жууға ұмтылып жатқанда, Кубаға лай суда балық аулап несі бар?

Жаңа және өрескел ойлар:

"... "Кейбір көздер" "кубалық қатысумен тәртіпсіздіктер көрінісі" туралы айтады"... "(Кастроның) өңірде барған сайын белсенді болып бара жатқаны өте айқын".

Әрине, Норьега мырза, барлығы өзгереді. Сіздің дәстүрлі ойларыңызға барған сайын аз адам сенеді, халықтар барған сайын өздерінің шыдамдарын жоғалтып отыр. Куба президентін билік басына жаңа үкіметтің келу салтанатына және басқа да іс-шараларға шақырады. Ол Бразилиядағы, Эквадордағы, Аргентинадағы, Парагвайдағы инаугурацияларға қатыса алды. Оған басқа көптеген үкіметтің ауысу актілеріне және басқа да елеулі кездесулерге қатыса алмайтынын өкінішпен білдіру тура келді, себебі біз Кубада қажымай жұмыс істеуіміз керек, содан басқа сіздің үкімет және сіздің террорлық мафияңыз оны өлтіру үшін құратын жоспарларыңызға қарай жол жүру қымбат және күрделі. Сіздердің қанша рет далбаса әрекеттеріңіз босқа кеткеніне ренжігендеріңізді түсінеміз.

Сіз "(Кастро) өңірде өте белсенді болып бара жатқаны белгілі" және "бұл латынамерикалық басшылар арасында үлкен қауіп тудырып тұр" дедіңіз.

Бұл қандай басшылар екенін неге айтпайсыз, неге сіз өзіңізге олар атынан сөйлеу құқығын аласыз, оларды көре алмайтын және қорқақтар ретінде неге көрсеткіңіз келеді? Жоғарыда аталып өткен кездесулерде, біздің Президент өзін бейтарап ұстайтын елдерден басқаларының барлығымен бірдей кездесе отырып, не бір дұшпан көзін, не бір наразы тұлғаларды көре алмады. Күн санап аз кездесетін терең идеологиялық келіспеушілік жағдайлардан басқа жеке жағдайларда оған құрметпен қарайды. Ол болып тұратын елдердің халықтары Кубаның Мемлекеттік кеңесінің Төрағасына өздерінің сүйіспеншіліктері мен құрметтерін көрсетеді. Куба халқы және және оның басшылары өте қиын сынақтардан өткені бекер емес және ешқашан тағдыр алдында, агрессия актілері және бар зор державалардың қоқан-лоққылары алдында басын иіп көрген емес.

Әдейі жалған Норьега мырзаның ыза мен жек көру сөздері түсінікті, себебі ол өзінің тірі болса да, қайтыс болған күнде де өзінің: "Фидель Кастроның әрекеті Латын Америкасы басшыларының көңілін өзіне аударғанын және Латын Америкасын тұрақсыздандыру мақсатымен жүргізетін акциялары Құрама Штаттарын қоса америкааралық қоғамдастық үшін қоқан-лоққыға толы болып табылатынын түсінуі керек". "Басқа үкіметтердің ішкі істеріне араласып демократты түрде сайланған үкіметтерді тұрақсыздандыруды жалғастыра беретіндер отпен ойнап отыр" деген дөрекі, ауаны алыс өтірік және жендеттер аузы үшін тән лоққылардан кейін ол туралы адамдар есінде құбыжық болып қалатыны оған белгілі. Отпен ойнау дегеніміз не?

Сіздің қандай-да болсын кубалық патриотты қорқыту үшін батылдығыңыз жетпейді. Сіз осылай дей отырып өзіңіздің бір тамшы қаныңызды тәуекел етіп отырған жоқсыз, сіз американдық қарулы күштерінің жас сарбаздары мен офицерлерінің қанын тәуекел етіп отырсыз.

Сіз "сіздің ел және басқа да көршілер кубалық басшы әрекетіне оның кейінгі тәуекелі шегінде мұқият қадағалап отыр", оның "соңғы күндері қалды және Америкада елеулі роль атқарған күндерін сағынады" дедіңіз. Сіз өтірік айтып отырсыз. Егер сіз осыған сенсеңіз сізді тұрасыздандырудың мүмкін жоспары осылай қауіптендірмес еді.

Бұдан басқа: президент Буш кубалық президентті соттан тыс қарау туралы бұйрық беріп қойды ма деп сұрау орнықты болар еді?

Бұлай мәлімдей отырып, Норьега мырза Кубаға ғана тиісіп, оған ғана қоқын-лоққы көрсетіп қойған жоқ, абыройлы адам Аргентина президенті Нестор Кирчнерді де балағаттауға талаптанып көрді, - және оның аргентиндік сыртқы қарыз 21 миллиардты төлеуге бірден келісуге мәжбүр еткісі келді; сыртқы істер министрі Биельске ашуланып, ол өзінің Гаванаға соңғы сапарында Құрама Штаттарының жалдамшы агенттерімен кездесе алмағанына қауіптенетінін айтады. Бұдан империялық астамшылық қайда апара алатынын көруге болады.

Ол сондай-ақ Венесуэлоның ішкі саясатына кіріспей өте алмады. Президент Чавесті Латын Америкасын тұрақсыздандыруда Кубамен қоғамдасуда екенін айыптады. Оны лауазымнан алып тастау мақсатында мүмкін референдум өткізудің қолданыстағы ережелерді құрметтеуге шақырды. Ол өзіне ?лттық сайлау кеңесінің ролін ғана алып қойған жоқ, президентке қарсы қойылып жиналған қолдардың санын растады және 2002 жылғы 11 сәуірде өткен әскери көтерілістің және кейіннен желтоқсан және қаңтар айларында болған мұнай дағдарысының авторларының иықтарынан қағып қойды.

Біз Норьега мырзаның және оған ұқсастардың Венесуэлодағы колумбиялық әскериленген топтардың, кубалық дәрігерлердің қоғамдастығында, оларға орай 12,5 миллион жарлы венесуэлдықтардың медициналық қызметті ала алатын, "Квартал ішінде" бағдарламасының шегінде боливариандық үкіметтермен жүргізілетін денсаулық сақтаудың жоспарларын іске асыруда ынтымақтастық үшін жазалау және айныту үшін өлтіруге бару ойларын да білеміз.

Біз әрбір қайтыс болған дәрігердің, білім беру және спорт саласындағы мамандардың орнына көптеген адамдардың тұруға дайын екенін ескерттік. Барлық жауаптылық Құрама Штаттарының үкіметіне жататын болады.

Куба халқын қашан болсын қорқыта аламыз деп ойлаушылардың өздері алдын ала жеңіліс тапты деп ойлау керек. 2004 жылғы 4 қаңтар.

 

  Дизайн и поддержка © РИА"ЖАРНАМА", Тел.: (3172) 38-33-72,
  www.jarnama.com E-mail: jarnama@jarnama.com